About Us Yoga with Family

Embassy of India
Astana

10th International Day of Yoga 2024

“Yoga with Family” Video Contest

Marking the celebration of the 10th International Day of Yoga, entries are invited from the Kazakh families for the “Yoga with Family” Video Contest being organized by the Ministry of AYUSH and the Indian Council for Cultural Relations during the period 1-30 June 2024 (till 1630 Hrs).  Salient features of the Contest are as follows -

Name of the Contest “Yoga with Family” Video Contest

Eligibility Kazakh native families minimum 3 and upto 6 members including extended family and friends (no age bar)

Categories of Contest Global and  Kazakhstan

Video Content Upto 1-minute of Yogasana demonstration with family 

Prizes – Kazakhstan First Prize –  

Second Prize - To be decided. 

Third Prize -  


Prizes – Global First Prize – USD 1000

Second Prize - USD 750

Third Prize - USD 500

Entry submission deadline 30 June 2024 upto 1630 Hrs.

Guidelines for Contestants Aspiring contestants are advised to go through the detailed guidelines on the contest, eligibility criteria, video content/uploading, process of submitting entries etc. at the following link -  https://innovateindia.mygov.in/yoga-with-family/

Entries not fulfilling the requirements under the guidelines will be rejected without any intimation to the contestant.

Acceptance or rejection of any entries will be at the sole discretion of the organizers and no communications will be entertained in this regard

*****************

 A -қосымшасы

"Йога отбасыммен бірге" бейнежазба жарысы 

Байқауға қатысушыларға арналған ережелер мен нұсқаулықтар

I. Байқауға қатысу нұсқаулығы

1. MyGov платформасындағы байқаудың арнайы парақшасына өтіңіз.

2. Қатысу формасында сұралғандай мәліметтеріңізді толтырыңыз. Қатысу формасын тек бір отбасы мүшесі толтыруы керек. Бір бейнемен бірнеше реттіркелу дисквалификацияға әкеледі.

3. Отбасыңыздың йогасана жасап жатқаны туралы 1 минуттық бейне түсіріңіз. Барлық мүшелер бірдей йогасана жасай алады немесе әртүрлі йогасана жасай алады.

4. 1 минуттық бейне жазбаны YouTube, Facebook, Instagram немесе twitter аккаунттық жазбаңызға жүктеп салыңыз және оны жалпыға қолжетімді және жүктеп алуға болатын етіп жасаңыз.

5. Қатысу формасына асана/ асана атауын енгізіңіз.

6. Қатысу формасына жүктелген бейнеге сәйкес жарнамалық сөздер жазыңыз.

7. Youtube, Facebook, Instagram немесе Twitter-ге жүктелген бейнеңізге сілтеме жүктеп, байқау бетіне жазбаңызды (1 минуттық отбасымен бірге йога бейнесі) жүктеңіз. Бейненің жалпыға қолжетімді және жүктеп алуға болатынына көз жеткізіңіз.

8. Шарттармен танысып, жіберу түймесін басыңыз.

9. Бейне жазбамен бөлісу:

I) AYUSH министрлігінің парақшасына лайк басып, жазылыңыз (https://www.facebook.com/ Facebook, Instagram (https://www.instagram.com/), Twitter (https://twitter.com/moayush)

ii)  Бейнені оның Facebook/Twitter/Instagram парақшасына жүктеп,  AYUSH министрлігін белгілеңіз #Yogawithfamily хэштег белгілеңіз.

iii)  Постты ең көп адам санымен бөлісіңіз және бейнеге ең көп лайк жинаңыз.

II. Бейне жазбаға қатысты нұсқаулық

i. Қатысушылар жасалған бейнеде  өздерінің жеке мәліметтері жазылмауы керек (аты-жөні, кастасы, елі және т.б.)

ii.бейнені табиғатта жазуды ұсынамыз.

iii. Қатысушылар бір уақытта йогамен айналысатын отбасыларының бейнежазбасын (топтық жаттығулар) бір минутқа ғана түсіруге міндетті.

iv. Бейнеде әр түрлі йога жаттығуларын жасап жатқан отбасы немесе синхронды түрде бір ғана нақты жаттығу болуы мүмкін. Олар отбасы мүшелері орындайтын асана/асана аттарын қатысу формасындағы бейнеге жазу керек.

v. Қатысушы осы 1 минут ішінде отбасының йогамен айналысатын бейнежазбасын қоса алады және өтініш формасында бейнеге сәйкес келетін жарнамалық ұран сипаттап жаза алады.

vi. Отбасылық бейнені youtube, facebook, twitter немесе Instagram аккаунттарына жүктеп, оны жалпыға қолжетімді және жүктеп алуға болатын етіп жасау керек.

vii. Бейненің сілтемелерін тиісті YouTube, Facebook, X (Twitter) немесе Instagram аккаунттарынан https://innovate.mygov.in/yoga-with-family/ вебсайтына жүктеп көрсету керек. Жүктелген бейненің ұзақтығы 1 минуттан аспауы керек. Сілтемедегі бейненің жалпыға қолжетімді және жүктеп алуға болатынына көз жеткізіңіз.

Егер сілтеме немесе жүктелген бейне бағалау үшін ашылмаса ұйымдастырушылар жауап бермейді және бейнежазба жүлдеге таңдалмайды. 

viii. Толық ақпаратты жиі қойылатын сұрақтар бөлімінен қараңыз

III. Байқау өткізу мерзімдері

1. Өтінімдерді 2024 жылғы 1-маусымнан бастап беруге болады.

2. Өтінімдерді тапсырудың соңғы мерзімі-2024 жылғы 30 маусым, сағат 17.00.

3. Осы байқауға қатысу үшін барлық жазбалар жоғарыда аталған нұсқауларға сәйкес осы мерзімге дейін алынуы керек.

III. Қысқа тізімге енгізілген үміткерлерге, егер қажет болса, өз еліндегі Елшілік/ АYUSH министрлігі кез келген ақпаратты тексеру үшін хабарласа алады.

IV. Отбасы: Отбасы термині жақын немесе үлкен отбасын, оның ішінде достарын білдіреді. Топтық бейнеде 3-тен көп мүше болуы керек және топта бір уақытта жаттығу жасап жатқан алты адамнан аспауы керек.

V. Марапаттау санаттары мен сыйлықтары

1. Бұл жолы байқауды бір номинация бойынша ұйымдастыру ұсынылады. Дегенмен, белгілі бір ел үшін және халықаралық деңгейде жүлделер беріледі.

2. Жүлделер жоғарыда аталған номинациялардың әрқайсысы бойынша жарияланады:

A.  Елдер бойынша (Қазақстан)

     1, 2,3 – орындар кейін жарияланады 

B. Халықаралық жүлде 

Әрі қарай, әр елдің үздік 3 үміткері халықаралық деңгейдегі сыйлықтарға қатысу үшін қарастырылады. 

а. Бірінші жүлде-1000 доллар/ 

b. Екінші жүлде - 750/доллар 

c. Үшінші жүлде-500 доллар/

5. AYUSH министрлігі нәтижелерді өзінің ресми арналары веб-сайт және әлеуметтік медиа арналары арқылы жариялайды және қосымша ақпарат алу үшін жеңімпаздарға хабарласады. Егер қол жетімсіз/жауап бермесе, AYUSH министрлігі байқауға жеңімпаздардың арасынан таңдау құқығын өзіне қалдырады.

6. Байқауға енгізілген кез келген өзгерістер/жаңартулар AYUSH министрлігі ресми байланыс арналарында, MyGov платформасы және олардың ресми әлеуметтік медиа арналарында жарияланады.

VI  Бағалау үрдісі

Мемлекет бойынша бағалау төменде көрсетілгендей екі кезеңнен тұрады, 

A. Қатысушылар арасынан іріктелген бейнежазбалардың қысқаша тізімі 

B. Қорытынды бағалау 

1. Өтінімдерді іріктеу комиссиясы қарау және іріктеу үшін қорытынды бағалау комиссиясына өтінімдерді байқау нұсқаулықтарына сүйене отырып, іріктеу комиссиясының қысқа тізіміне енгізеді.

2. Жеңімпаздарды қысқа тізімге енгізілген жазбалар арасынан Үндістаннан келген жазбалар үшін AYUSH министрлігінің білікті йога сарапшылары және шетелдегі Үндістанның тиісті өкілдіктерінен тұратын бағалау комитеті таңдайды.

3. Мемлекет деңгейіндегі жеңімпаздар анықталғаннан кейін, әр санаттағы үздік 3 жазбаны бағалау комитеті халықаралық жүлдеге ұсынуға шешім қабылдайды.

2. Бейнені мұра нысыналары, көрнекті орындар, көркем табиғат, туристік бағыттар, өзендер, сайлар, орман, студия, үй және т.б жерлерде фон ретінде қолданып түсіруге болады. Практика көлемі төменде көрсетілген:

a) Отбасы мүшелері өз көлеміне қарай бір немесе бірнеше асана орындауы қажет.

b) Егер де Врикшасана немесе Вакрасана секілді асаналар орындалатын болса, оны екі жақтан орындау қажет (яғни толық асана болып саналады).

c) Бейне жазбаның ұзақтығы 45 секунд пен 60 секунд аралығын қамтуы тиіс.

d) Асананың кез келген соңғы қалпын қабылдағанан кейін, Крия мен Пранаяма жаттығуын жасамағанда, кем дегенде 10 минут қалыпты тыныс алу керек.

e) Таныстыруда отбасы демо-бейнежазбадағыдай асананың дұрыс ретін сақтайды.

f) Асананың дұрыс тізбекпен орындалуы жоғары баға алады.

g) Асананың атауы және жарнама ұраны бейнежазбада немесе өтініш беру формасында көрсетілуі тиіс. 

3. Байқауға қатысушыларға жас, жыныс, мамандық және ұлты негізінде шектеу жоқ. Алайда, Ayush министрлігі қызметкерлеріне және олардың туыс-тумаларына мүдделер қайшылығына байланысты қатысу шектеледі.

4. Өтініш берушілер жіберілетін бейнежазбада өзі жайлы жеке ақпарат, яғни есімін, кастасын, елін және т.с.с жарияламауы тиіс. Дегенмен, тұрғылықты мекен-жай мен байланысу контактілері туралы кейбір ақпарат тек өтініш беру формасында көрсетілуі қажет.

5. Байқауға қатысушы немесе оның отбасы тек бір ғана бейнежазба жүктей алады (Youtube, Facebook, Instagram немесе X/twitter аккаунттарына жүктелген бейнежазбаға сілтеме). Бір реттен көп тіркелу немесе өтініш жіберу байқайдан шеттетілуге алып келеді және тек бірінші тапсырыс қана қарастырылады. Бірнеше бейнежазба жіберетін қатысушылар байқаудан шеттетіледі және олардың жазбалары бағаланбайды.

6. Бұл байқаудың соңғы байқаудан айрмашылығы, бейнежазба әртүрлі жастағы мүшелері бар отбасыларға қатысты болғандықтан, мұнда жүлделер санаттары жоқ.

7. Барлық жазбалар/бейнежазбалар MyGov платформасына жүктелген сандық форматты болуы тиіс.

8. Жазбалар тек MyGov сілтемесі арқылы жіберілуі қажет: (https://innovate.mygov.in/yoga-with-family/) басқаша тәсілмен берілген өтініштер қабылданбайды.

9. Өтініштер мен жазбалар белгіленген мерзімнен кейін қабылданбайды, яғни 30-шілде, Үндістан уақыты бойынша 17:00 да тоқтатылады. Министрлік өз қалауы бойынша байқаудың мерзімін қысқарту немесе ұзартуға құқылы.

10. Байқауды жүргізуге қажетті кез келген тиісті ақпарат толық емес немесе жетіспеген жағдайда өтініш қарастырылмауы мүмкін. Байқауға қатысушылар қажетті ақпараттың толық берлігеніне көз жеткізуі тиіс. Онлайн-өтініште ұялы телефон номерінің немесе электрондық поштаның болмауы жүлдені ұтып алған жағдайда, жүлдені кейінгі қысқа тізімге енген үміткерге беріледі.

11. Орынсыз және/немесе мазмұны басқа адамның құқығына зиян келтіретін, соның ішінде арандату, зорлық-зомбылықты, адам құқықтарын және/немесе қоршаған ортаны бұзуды және/немесе Үндістанның заңын, діни, мәдени және моральдық дәстүрлері мен тәжірибелеріне қайшы деп танылатын кез келген басқа мазмұнды бейнелейтін немесе басқаша түрде қамтитын бейнелерге қатаң тыйым салынады, дереу жойылады және дисквалификацияланады. Министрлік жоғарыда аталған критерийлерден басқа бағалау комитеті орынсыз және қорлайтын деп таныған кез келген басқа жазбаларды елемеу құқығына ие.

12. Өтініш беруші бағалау комиссиясының кез келген мүшесіне хат жазу, электрондық хат жіберу, телефон соғу, жеке кездесу немесе басқа да осыған ұқсас әрекеттер арқылы ықпал етуге тырысқаны анықталса, байқаудан шеттетіледі.

13. Жалған мәлімдеме бергені анықталған кез келген өтініш беруші дисквалификацияланады. Жеңімпаздар жасын растау үшін Aadhar картасын/төлқұжатын ұсынуы керек, мұны орындамау қайтадан дисквалификацияға әкеп соғады. Өтініш беруші бейнеде болуы керек.

14. Байқау жарияланған күннен кейін жүктелген бейнелер тек бағалауға қабылданады.

15. Бұл отбасымен йога болғандықтан, 18 жасқа толмаған үміткерлер қатысу формасында ата-анасының электрондық поштасы, жеке куәлігі және телефон байланысын көрсетуі мүмкін.

16. Тексеру комиссиясының және бағалау комиссиясының шешімдері түпкілікті және барлық үміткерлер үшін міндетті болады. Бағалау комитеті өтініш берушіден жазбаның кез келген аспектілері бойынша түсініктемелер сұрай алады, ал егер ол берілген уақыт ішінде берілмесе, жазба дисквалификациялануы мүмкін.

17. Байқауға қатыса отырып, қатысушылар конкурсты реттейтін шарттармен танысқандығын және олармен келіскенін, соның ішінде:

- Байқауға жіберілген бейнелер түпнұсқа бейне болып табылады және ешбір тұлғаның немесе ұйымның авторлық құқықтары мен зияткерлік меншік құқықтарын бұзбайды.

- Өтініш беруші өзінің бейнедегі тұлғалардың бірі екендігімен келіседі және жеңімпаз деп танылған жағдайда жеке басын куәландыратын бейне куәлігін беруге келіседі, мұны орындамау жазбаның дисквалификациясына әкеп соғады.

- Бағалау комитеті мен Ayush министрлігі қабылдаған кез келген және барлық түпкілікті шешімдерге бағыну қажет.

- Қажет болған жағдайда, министрлікке жеңімпаздардың аты-жөнін, олардың мемлекеті мен тұрғылықты жерін жариялауға келісім беру.

- Жүлдемен марапатталған жағдайда, мен отбасымның атынан жүлдеге жалғыз үміткер екенімді және байқауға өтініш беру үшін отбасым мүшелерінен келісім алынғаныммен келісемін.

17. Кез келген авторлық құқықты бұзу дисквалификацияға және жүлде ақшасын тәркілеуге әкеледі. Осыған байланысты қабылдау комиссиясы мен бағалау комиссиясының шешімі түпкілікті болады.

18. Қысқа тізімге енгізілген өтініш берушілерден қажет болған жағдайда қосымша ақпаратты беру сұралуы мүмкін. Оны 5 жұмыс күні ішінде орындамау олардың қатысуға одан әрі қарау құқығынан айыруға әкелуі мүмкін.

19. Министрлік қатысушының конкурсқа қатысу барысында шығындары немесе залалдары үшін жауапкершілік көтермейді. Конкурсқа қатысу толығымен тегін және Министрлік те, оған бағынышты органдар да осы конкурсқа қатысу үшін ешқандай төлем алмайды.

20. Ayush министрлігі осы конкурсқа үміткерлер ұсынған мазмұндағы барлық зияткерлік меншік құқықтарын қоса алғанда, барлық құқықтарға, атақтарға, мүдделерге ие болады. Өтініш берушілер өз жазбаларын Ayush министрлігінің болашақта кез келген жарнамалық іс-шаралар үшін пайдалануға келісімі олардың осы конкурсқа қатысуға өтінімдерін беру актісіне кіретінін түсінуі қажет. 

21. Жеңімпаздардың Банкте шоты болуы және жүлделер жарияланғаннан кейін бір ай ішінде оны беруге дайын болуы керек. Олай болмаған жағдайда жүлде ақшасы жойылады.

22. Жүлде отбасы мүшелеріне емес, негізгі өтініш берушіге ғана беріледі, бұл туралы келіссөздер қаралмайды.

Құпиялық 

1. Барлық өтініш берушілердің жеке мәліметтері құпия сақталады.

2. Хабарландырулар тек байқау жеңімпаздарының аты-жөні, жасы, жынысы, марапат санаты және қаласы сияқты ақпаратты көрсетеді.

3. Байқауға қатыса отырып, қатысушылар Министрлікке өздерінің аты-жөндерін және конкурсқа қатысты хабарландырулар үшін негізгі ақпаратты, мысалы, қысқа тізімге енгізілген жазбаларды және жеңімпаздарды жариялау үшін пайдалануға келісім береді.

4. Министрлік авторлық құқықтың немесе интеллектуалдық құқықтың бұзылуына жауапты емес. Қатысушылар байқауға қатысу барысында туындайтын кез келген авторлық құқықтың бұзылуына тек өздері жауапты болады.

5. Өтініш берушілер өз жазбаларын Ayush министрлігінің болашақта кез келген жарнамалық іс-шаралар үшін пайдалануға келісімі олардың осы конкурсқа қатысуға өтінімдерін беру актісіне кіретінін түсінуі қажет. 

X. Өтініш берушінің мәлімдемесі

Байқауға арналған бейнежазбаны өзім ұсынғанымды және бейнежазбадағы тұлғалар мен және менің отбасым екенін мәлімдеймін. Қатысуға өтініште мен берген ақпарат шындыққа сәйкес келеді. Жеңіске жеткен жағдайда, егер мен ұсынған ақпарат жалған болып шықса немесе бейнеде авторлық құқық бұзылса, мен байқаудан шеттетілуім мүмкін екенін түсінемін және бағалау нәтижесінде қабылданған шешімдермен толығымен келісемін. Мен бұл бейнені болашақта  Ayush министрлігінің онлайн жарнамалық қызметі үшін пайдалануға келісім беремін.